Қазақстанда 13 қарашада қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы автожолдардағы қазіргі ахуал туралы мәліметті жариялады. 

Қазақстанда 13 қарашада қай жолдар ашық, қайсысы жабық
Фото: «ҚазАвтоЖол»

2025 жылғы 13 қараша сағат 08:00–ден бастап бірнеше облыста жылдамдық бойынша енгізілген шектеулер алынды:

Ақмола облысы:

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92-шақырым аралығы (Жібек Жолы ақы алу пунктінен — Қарағанды облысының шекарасы): жылдамдық шектеуі 80 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін өзгертілді.

Қарағанды облысы:

• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау ақы алу пунктіне дейін): жылдамдық шектеуі 60 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін арттырылды.

Бұдан бөлек, 7 қараша сағат 18:00–ден бастап Ақмола облысында «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 19-231 шақырымында (Астана қаласы — Щучинск қаласы аралығы) барлық көлік түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін азайтылды.

Ауа райы

2025 жылғы 13 қарашада Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 13 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ болатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар