Қазақстанда 173-ші «Ауыл құтқарушылары» пункті ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысы Аягөз ауданының Ақши ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жаңартылған ерікті өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақстанда 173-ші «Ауыл құтқарушылары» пункті ашылды
Фото: ТЖМ

Аталған бастама шалғай ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қою жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Қазақстанда 173-ші «Ауыл құтқарушылары» пункті ашылды
Фото: ТЖМ

Салтанатты ашылу рәсіміне облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жамбыл Жабаев, Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айбек Нұғымаров және ауыл тұрғындары қатысты.

Қазақстанда 173-ші «Ауыл құтқарушылары» пункті ашылды
Фото: ТЖМ

Еріктілердің тәулік бойы кезекшілік атқаруы үшін бекетте барлық қажетті жағдай жасалған. Жеке құрамға арналған тұрмыстық үй-жайлар мен демалыс бөлмелері қарастырылып, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

өрт сөндіру көлігі
Фото: ТЖМ

Сонымен қатар бекет өрт сөндіру автоцистернасымен, өрт-техникалық жабдықтармен, арнайы қорғаныш киімімен және байланыс құралдарымен жарақталған.

— Жаңа нысан Ақши және Ақтүбек ауылдарына, сондай-ақ оннан астам қыстаққа қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету аймағында 182 тұрғын үй орналасқан, халық саны 678 адам. Осындай бекеттердің шалғай елді мекендерде ашылуы төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартып, өрт сөндіру тиімділігін арттыруға, сондай-ақ адам өмірін құтқаруға, материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік береді, — делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстанда 173-ші «Ауыл құтқарушылары» пункті ашылды
Фото: ТЖМ

Іс-шара бекет аумағында ағаш отырғызумен аяқталды. 

Қазақстанда 173-ші «Ауыл құтқарушылары» пункті ашылды
Фото: ТЖМ

Бұдан бұрын ТЖМ табиғатта және су жағасында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.