Қазақстанда 2014 жылы 1 мыңға жуық жетім бала пәтер алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың үшінші тоқсанында прокурорлар жетім балалардың мүліктік құқықтары бұзылғандығын анықтады. Бұл туралы туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы Қанат Сейдғапбаров айтты.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта жетімдердің қаржысын заңсыз иемдену, балалардың өздеріне тиесілі жәрдемақылар мен алименттерді алмауы, сондай-ақ балалардың баспаналық құқықтарын бұзу секілді мәселелер белгілі болды.

«Тексеріс барысында өкілетті органдар тарапынан кейбір кездерде балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқандардың баспаналарын сақтап қалуды қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылданбайтындығы анықталды. Бұл өз кезегінде осы баспаналарды заңсыз пайдалануға немесе мүліктен айырылу жағдайларына алып келеді»,-деді ол.

Сонымен қатар жетімдердің балалар үйлерінен тәрбие алып шыққаннан кейін, оларды баспанамен қамтамасыз ету проблемасы өзекті болып отыр.

«Атап айтқанда, Бас прокуратураның бастамасымен 2013 жылы бірқатар нормативтік-құқықтық актілер және заңнамалық актілерге түзетулер қабылданды. Бұл өз кезегінде тұрғын үй қатынастары саласында жетім балаларға қосымша құқықтар мен кепілдерді қамтып, сондай-ақ өкілетті органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін күшейтіп отыр. Нәтижесінде осы санатттағы балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспана алу құқығы берілді»,-делінген хабарламада.

Осы орайда бұл құқықты пайдалана отырып, 2014 жылы 950-ден астам жетім бала пәтер алды.

Соңғы жаңалықтар