Қазақстанда 21-22 мамырда күн райы күрт құбылып, үсік пен жауын-шашын күтіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 21-22 мамырда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер сақталады. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
Ауа температурасының карта-схемасы ҚР ТЖМ аналитиктері дайындады.
Мамандардың болжамынша, 21 мамырда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік сақталады.
Қостанай қаласында 21 мамырда ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 16-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.
21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың батысында 2 градус үсікке дейін, күндіз 10-15 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік сақталады.
Петропавлда 21 мамырда ауа температурасы түнде 4-6 градус жылыға дейін, күндіз 11-13 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
21 мамырда Ақмола облысында ауа температурасы күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Астана қаласында 21 мамырда ауа температурасы күндіз 15-17 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Көкшетауда 21 мамырда ауа температурасы күндіз 13-15 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.
21 мамырда Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Павлодарда 21 мамырда ауа температурасы күндіз 15-17 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
21 мамырда Қарағанды облысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Қарағандыда 21 мамырда ауа температурасы күндіз 15-17 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.
22 мамырда Абай облысының түнде солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендейді.
22 мамырда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 9 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, шығысында 7 градус жылыға дейін төмендейді.