Қазақстанда 6 қаңтарда республикалық маңызы бар қай жолдар жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 341-473-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Бескөл ауылы);

• «Көкшетау – Рузаевка» автожолы, 61-196-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Рузаевка ауылы);

• KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (РФ аумағын айналып өту, Қайрақ өткізу бекеті)» автожолы, 729-856-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы);

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 595-796-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Сергеевка ауылы); 

• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 341-473-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Бескөл ауылы).

Қостанай облысы

• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы, 108-232-шақырым (Әулиекөл кенті – Ақмола облысының шекарасы);

Ақмола облысы

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 537-552-шақырым (Бозылдық кенті – Сұрған кенті);

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 537-595-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Бозылдық кенті);

• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 18-234-шақырым (Астана қаласы – Щучинск қаласы);

• «Көкшетау – Рузаевка» автожолы, 0-61-шақырым (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);

• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 242-304-шақырым (Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы);

• осы автожолдың 304-341-шақырымы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);

• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы, 232-260-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті); 

• «Жақсы – Есіл – Бозылдық» автожолы, 0-71-шақырым (Жақсы кенті – Ақсай кенті);

• осы автожолдың 71-82-шақырымы (Ақсай кенті – Бозылдық кенті); 

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 856-915-шақырым (Жақсы кенті – СҚО шекарасы);

• осы автожолдың 915-1002-шақырымы (Атбасар кенті – Жақсы кенті).

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 11-337-шақырым (Ақтөбе қаласы – Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы

• осы автожолдың 337-346-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз кенті).

Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Ауа райы

2026 жылғы 6 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

– Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - деп ескертті компания.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 6 қаңтарда Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.