Қазақстанда ақпараттық технологияларға жұмсалатын қаржы жан басына шаққанда 62 долларды құрайды

«Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығындағы біздің айналымымыз жыл сайын 2 есе ұлғаюда. Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығы өте қызықты. Өйткені ол 2 жыл бұрынғы Украина нарығына ұқсайды. Әлі толық қалыптаспағанына қарамастан, оның даму қарқыны Украинадан жоғары. Себебі, мұнда Украина мен Ресейдің оң тәжірибесі белсенді түрде қолданылып, олардың қателіктері қайталанбауда», - дейді Д.Романенко.
Оның айтуынша, Украинаның жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда 10 мың долларды құрап, ақпараттық технологияларға жұмсалатын қаржы әр адамға 64 доллар көлемінде болды. Ал Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің көлемі жан басына шаққанда 15 мың долларды құрап, ақпараттық технологияларға жұмсалатын шығындар әр адамға 62 долларды құрауда. Егер Украина бұл нарықта өзінің даму шегіне жетсе, Қазақстанның өсу көкжиегі әлі мол. Сондықтан ақпараттық технологиялар нарығының әлеуеті жағынан Қазақстан ТМД елдерінде алдыңғы орында тұр.