Қазақстанда әлеуметтік жағынан осал санаттарға арналған жедел желі ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау жасаудың жедел желісі туралы түсіндірді.

Жедел желі
Фото: GOV.KZ

«Су тасқыны, эпидемия және басқа да төтенше жағдайлар кезеңінде халықтың әсіресе әлеуметтік осал топтары қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл тұрғыда, осы топтардың тиісті органдар мен құрылымдардан ақпарат алуына, сондай-ақ көмек пен қолдауға жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жедел желінің қажет екенін түсінікті. 

Осыған байланысты Омбудсменнің жедел желісінің байланыс деректерін ұсынамын. Атап айтқанда, +7 702 282 61 83 ұялы байланыс нөмірі және upolnomochennyysusn.2024@gmail.com
электронды пошта арқылы ақпарат алуға болады», - деді К. Сейтжан Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 15 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен 2300 отбасына 555 млн теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек жасалғаны мәлім болды. 

Соңғы жаңалықтар