Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс–түйіс болды.

Рақымжан Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып ауысты.
Осылайша Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Рақымжан Ерназар 1988 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
2010 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін (бакалавр дәрежесі) бітірген.
2011 жылы техника және технология магистрі дәрежесін алды.
2011 жылдан 2016 жылға дейін – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік «АҚ-да талдамалық бағыт бойынша түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2016 жылдан 2018 жылға дейін – Стратегиялық жобалар орталығының директоры «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ. Жапонияда, Австрияда, АҚШ-та және Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтті.
2018 жылдан 2020 жылға дейін – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы «Әлемдік экономика және саясат институты» корпоративтік қорының «Стратегиялық зерттеулер және болжау» бағдарламасының жетекшісі.
2020 жылдан бері ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Апта басында Ерлан Сүттібаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасы лауазымына Айдын Құлсейітов тағайындалды.
Айдын Құлсейітов Өскеменде дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Инженер-экономист» мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын басқарушы лауазымдарға дейін жеке салада бастаған. Содан кейін Мемлекеттік қызметке ауысты.
Индустрия және сауда министрлігінде, энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде жұмыс істеді, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы болды.
2017 жылдан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігінде бірқатар басшылық қызмет атқарды.
Екі жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығын басқарды. Содан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Соңғы екі жылда ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды.
Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Төрегелдиев Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Ерлан Төрегелдиев 1980 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Азаматтық қорғау органдарында қызметін 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің инженері лауазымынан бастады.
2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы ТЖМ бөлімшелерінде жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Мемлекеттік өртті бақылау және өртке қарсы нормалау басқармасын басқарды.
2024 жылдан бастап осы комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ербол Садыр тағайындалды.
Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы 23 наурызда Түркістан облысы Созақ ауданы Тасты ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында экономика бөлімінің бас маманы, Экономика және шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлікті қолдау басқармасы басшысының орынбасары, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болып еңбек етті.
Осы тағайындауға дейін бизнес саласында жұмыс істеді.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Талғат Қозбеков тағайындалды.
Талғат Жапарханұлы 1976 жылы Талдықорған облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Экономист- маркетолог» және Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің Салық аудиті бөлімінде салық инспекторы лауазымынан бастады. Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып қызмет етті.
2022 жылдың қыркүйек айынан бері Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.
Талғат Қозбеков облыс әкімінің орынбасары ретінде кәсіпкерлік және сауда, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, қаржы және мемлекеттік активтер, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының жұмыстарына жетекшілік етеді.
Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы қызметіне Дархан Нұрханұлы тағайындалды.
Дархан Нұрханұлы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің түлегі. Сонымен қатар ол қаржы саласында орта білім мен заң саласында жоғары білім алған. Еңбек жолын 2011 жылы құрылыс компаниясында жұмысшы ретінде бастаған. Ол мемлекеттік құрылымдарда жұмысын жетекші маман ретінде бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілген.
2020-2021 жылдары ҚР Премьер-министрі орынбасарының әлеуметтік даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері бойынша кеңесшісі болды. Кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жылы тамыз айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.
Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы лауазымына Мирас Гайсин тағайындалды.
Мирас Гайсин 1987 жылы Алматы қаласында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы ретінде бастаған. Кейінгі жылдары Алматы және Астана қалалары әкімдіктерінің Табиғи ресурстар басқармаларында әртүрлі басшылық қызметтер атқарды. 2023 жылдан бері Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып Жанмұрат Сейілов тағайындалды.
Ол 1985 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде тарих, құқық және экономика негіздері, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы ретінде бастаған. Әр жылдары Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, қалалық мәслихаттың, қала әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2024 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.
Қызылорда облыстық дін істері басқармасының басшысы лауазымына Мира Қазбекова тағайындалды.
Ол 1984 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті, «Экономика», «Болашақ» университеттерінде заңтану мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2005 жылы мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында бастаған.
Әр жылдары Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болды.
2023 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметіне Давид Лория тағайындалды.
Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі.
Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденінің иегері.
Айта кетейік, мұның алдында бұл лауазымды Саян Хамитжанов атқарған. Ол жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты лауазымынан кетті.
«Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалының директоры қызметіне Нұрбек Бекенов тағайындалды.
Нұрбек Мұхаметқалиұлы – тәжірибелі тележурналист. Мемлекеттік қызмет саласында да жұмыс істеген.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылында дүниеге келген. Журналистика саласындағы еңбек жолын 2003 жылы жергілікті телеарнада диктор ретінде бастаған.
«Қазақстан» РТРК мен 24KZ телеарнасының Қытайдағы, «Хабар» агенттігінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар Жамбыл облысында «Aulieata-Media» холдингі ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс-Ақпарат» медиа холдингі ЖШС басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды.
ҚР Президенті баспасөз қызметінде және Ұлттық экономика министрлігінде кеңесші болып еңбек еткен.