Қазақстанда әуе көлігі паркін жаңарту қарқыны қалай
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Қазақстанға 18 жаңа ұшақ жеткізіледі. Бұл туралы Көлік министрлігінен мәлім етті.

- 2024 жылы отандық авиакомпаниялар паркі 10 бортқа (Air Astana) толықтырылып, 102 борт болды. 2025 жылы әуе кемелерінің паркін 18 ұшаққа көбейту жоспарланып отыр, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Бұл тұрғыда Air Astana-ға 8, SCAT компаниясына - 7, сондай-ақ Qazaq Air-ге 3 ұшақ қосылады. Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ұшақтар паркі 120-ға жеткізілмек.
Еске салсақ, жақында Көлік министрлігі биыл халықаралық бағытта жаңадан қандай әуе рейстері ашылатынын жариялады.
Жақында «Самұрық-Қазына» Qazaq Air акцияларын сатып алу-сату шартына қол қойылғанын жариялады.
Осы орайда Qazaq Air компаниясы елдің әуе көлігі нарығында қызметін жалғастыруына қатысты деректер нақтыланды.