Қазақстанда ауылшаруашылығына салынған инвестициялар өнеркәсіп саласындағыдан 23 есеге төмен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауылшаруашылығына келген инвестициялар 2015 жылы 167,0 млрд теңге болды, бұл өнеркәсіпке келген инвестициялардан 23 есе төмен.

Қазақстанда ауылшаруашылығына салынған инвестициялар өнеркәсіп саласындағыдан 23 есеге төмен

Сондықтанда шетелдік компанияларды агроөндірісті дамытуға тарту жаңа агротехнологияларды, ауылшаруашылығы техникаларын, тұқымдарды, тыңайтқыштарды және тағы басқаларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ресми дерекөздер хабарлайды.

Отандық ауыл шаруашылығымыз белсенді дамуда десек те, біздің елімізде әлі де болса игерілмеген үлкен әлеуеттер бар. Мысалы, Қазақстанда 147 млн га жайылым бар, ол сиыр етін тұтынушы екі ірі елмен шекаралас. Бұл - 2014 жылы 4 млрд долларға сиыр етін сатып алған Ресей мен Қытай. Осындай әлеуетті тұтынушыларға біз бар мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай отырмыз.

Бұған себеп неде? Басты себеп - жоғары өндірістік қаржы шығындарында, табыстылық мерзімінің ұзақтығына байланысты ауыл шаруашылығы саласына инвестицияның жетіспеушілігінде, ауылда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жоқтығында, әрі осы салаға сәйкес мамандардың басқа салаға кетуінде.

Өз кезегінде инвестицияның жетіспеушілігі бірінші мынадан көрінеді, саланың төмен техникалық жабдықталуы (ауылшарушалығы техникасы паркінің 80% тозған).

Екіншіден, қаржыландырудың төмендігіне байланысты көптегені шаруалар тыңайтқыштарды қолданбай жердің құнарлы қыртысын бұзады.

Сонымен бірге, көшпелі қазақтар тәжірибелі малшы болған және фермерлер бүгінде бұл саланың бұрынғы әлеуетін қалпын келтіре алады. Бұған инвестицияны тарту осы бағытты қарқынды дамытар еді.

Оның жемісі - өзіміздің отандық ауылшаруашылық өнімдерін, өз жерімізде өскен: ет, жеміс жидек, көкөністі пайдаланамыз. Ал шетелдік компаниялар бізге салық төлейтін болады, жұмыс орындарын құрады, ауылдың инфрақұрылымын жақсартады, біздің жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға көмектесетін болады. Біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, импортты алмастыруды төмендетуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға тырысуымыз қажет.