Қазақстанда дәстүрлі қытайлық медицинаның орталығы құрылмақ

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда дәстүрлі қытайлық медицинасының үлкен орталығын құру жоспарлануда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусинов пен Қытай делегациясы өкілдерінің арасында болған кездесудің барысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлады ortcom.kz Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомствоның жауапты хатшысы Серікбол Мусинов Қытай Халық Республикасының Дәстүрлі қытай медицинасы істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы У Чжэньдоу мырза бастаған Қытай делегациясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанда дәстүрлі қытай медицинасының ірі медициналық орталығын құру мәселесін талқылады», - делінген таратылған мәліметтерде.

Серікбол Мусинов Қазақстанда халық медицинасы даму үстінде екенін, түрлі орталықтар, тіпті халық емшілерінің қауымдастығы бар екенін атап көрсетті. Қазақстан заманауи медицинамен қоса аталмыш бағытты да дамытуға әзір, тек Қытай медицинасына қойылатын басты талап - халыққа сапалы қызмет көрсету.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар денсаулық саласындағы, оның ішінде екі елдің дәстүрлі медицинасы саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар