Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Эрмитаж күндері өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлім етті.
None
None

«Мемлекеттік Эрмитаж және ҚР Ұлттық музейі арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен келісім аясында біздің елімізде алғаш рет «Эрмитаж күндері» өтеді. Бұл оқиға Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр», - деді ол.

Эрмитаж күндері бағдарламасында дәрістер, шеберлік-сыныптары, музей саласында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою секілді шаралар қамтылып отыр.

Министрдің орынбасарының айтуынша, сонымен қатар ресейлік танымал ғалым, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровский елімізге келмек.

Соңғы жаңалықтар