Қазақстанда фермерлік аңшылық шаруашылықтары артуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

 «Заң жобасында өсімдіктер және жануарлар дүниесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында мынандай нормалар көзделуде: Орман Кодексіне Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді табиғаттан алу көлемдерін бекіту жөнінде Үкіметке құзырет беру. Ал бұндай өсімдіктерді алу тек ғылыми және олардың көлемін көбейту мақсаттарында ғана жүзеге асырылады. Бұл шара өсімдіктердің сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түрлерінің айналымы мәселесін реттеуге мүмкіндік береді. Осы кодекске енгізілетін келесі норма - уәкілетті органға орман заңнамасын бұзушыларды ұстау кезіндегі құжаттардың үлгісін бекіту жөнінде құзырет беру. Бұл орман қорғаушыларға жедел шара қолдануға мүмкіндік береді», - деп тоқталды  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов заң жобасын таныстыру барысында.

Сонымен қатар ол Су кодексіне бір су айдынындағы су және балық ресурстарын пайдалану құқығын бекіту тәртібіне түзетулер енгізу, Экологиялық колдекс аясында жануарларды қоныс аудару, әкелу мен елімізден тысқары жерлерге шығару тәртібін нақтылау, жануарлар санын реттеу тәртібін бекіту құзыретін Үкіметтен жануарлар дүниесі саланысындағы уәкілетті органға беру ескеріліп отырғандығын атап өтті.

 Мұнымен қоса, аңшылық шаруашылығының басты түрі - жабайы аң-құс өсіруді дамыту мақсатында «Жануарлар дүниесін қорғау туралы» Заңға «фермерлік аңшылық шаруашылығы» түсінігі енгізілмек.

«Осы бағыттағы жұмыстарды қолдау мақсатында аңшылық шаруашылықтары үшін, олардың өсірген жануарларды пайдалану тәртібі мен мерзімін өздерінің анықтау құқығын беру қамтылған»,-деді Мырзахметов.

Соңғы жаңалықтар