Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстары жеңілдейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Бұл жобасын Парламент депутаттары заң шығару бастамасы тәртібімен әзірледі. Құжат көмірсутектерді геологиялық барлау және өндіру саласындағы жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған. Заң жобасында кен орындарын әзірлеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық және әкімшілік шығындарын азайту ескерілген», - деді Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

Атап айтқанда заң жобасының негізгі ерекшеліктері:

- жер қойнауын пайдаланушыға мемлекет жағынан айыппұл санкцияларын салмай, сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша келешегі жоқ ұңғымаларды бұрғылаудан бас тартуға құқық беру;

- жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, оның ішінде көмірсутектер саласындағы жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптаманы жүргізу кезінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру.

«Жалпы, заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің реттеуші шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, практикалық геологиялық барлау жұмыстарына жедел көшу, барлық сараптамалардың мерзімін 8-12 айға дейін қысқарту, рәсімдер бойынша әкімшілік шығындарын 2 есеге (120 күннен 50 күнге дейін) қысқарту, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыру ескерілген», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар