Қазақстанда халықтың құқықтық және қаржылық сауатын арттыруға бағытталған әлеуметтік желі іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте халықтың құқықтық және қаржылық сауатын арттыруға бағытталған 1ссс.kz мамандандырылған әлеуметтік желі таныстырылды.
None
None

Аталған әлеуметтік желі қаржы секторының мамандарына, бизнесмендерге, салық төлеушілерге және барлық мүдделі тұлғаларға онлайн режімде қаржы саласының ауқымды мәселелері бойынша ресми түсініктеме алуға мүмкіндік береді.

«Егер Астана қаласының кәсіпкерлерінің алып қара болса, олардың жағдайлары басқа өңірлермен салыстырып қарағанда біршама жоғары. Өйткені, олардың Қаржы министрлігіне тікелей шығуға, қабылдауға жазылуына, тіпті телефон арқылы хабарласуына мүмкіндігі бар. Ал жекелеген облыстардың, аудандардың, шағын қалалардың кәсіпкерлерінің жағдайы біршама төмен», - деді желі таныстыру барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің мүшесі Гүлнар Қуанғанова.

Оның атап өтуінше, облыстағы кәсіпкерлер проблема туындаған жағдайда миинстрлікке ресми хат жазуға мәжбүр. Ал ведоствоның жауабын айлап күтуге тура келеді.

Айта кетерлігі, бұл желі Елбасы Н.Назарбаевтың әр түрлі мәселелер жөніндегі ақпаратты халыққа жеткізу және түсіндіру қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында құрылған.

Соңғы жаңалықтар