Қазақстанда қабылданып жатқан бағдарламалар эстониялық кәсіпорындарға біздің елге инвестиция салуға зор мүмкіндіктер ашып отыр - ҚР Премьер- Министрі

күйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда  қазіргі таңда енгізіліп жатқан бағдарламалар эстониялық кәсіпорындарға біздің елдің экономикасына инвестиция салу үшін, сауда-саттықты дамыту үшін ауқымды мүмкіндіктер ашып отыр.
None
None

Бүгін Астанада өтіп жатқан қазақ-эстон бизнес-форумында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министр кеше Үкімет басшыларының деңгейінде, екі елдің үкіметаралық комиссиясына қатысушылардың деңгейінде ілгері бағытта жылжу үшін өте нақты нәтижелерге қол жеткізілгенін атап көрсетті. «Алайда соның барлығын жеке бизнес өмірге етене енгізулері тиіс. Үкіметтің міндеті - осыған жол ашу, қозғалыстың саяси бағытына мүмкіндік беру», деді К. Мәсімов.

Осы орайда Үкімет басшысы Қазақстан үшін Эстония Еуропаға, Еуроодаққа терезе бола алатынын, ал Эстония үшін Қазақстан біздің еліміздің сондай-ақ Орта Азияның аумағында, Оңтүстік Шығыс Азияда, Қытайда, Каспий өңірінің елдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік бола алатынын атап көрсетті. «Мен бұл бизнес-форумнан зор үміт күтемін. Көп дүние кәсіпкерлерге, бизнес делегацияға қатысты», деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Эстонияның бизнесті жүргізудегі тәжірибесі, экономикасының ашықтығы, заманауи технологияларды енгізудегі тәжірибесі Қазақстанға өте қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар