Қазақстанда қан мен зәр талдауының бағасы қанша

Елімізде қан және зәр талдауы емхана дәрігерлерінің жолдамасы бойынша тегін жүргізіледі. Сонымен бірге адам өз бетімен денсаулығын тексеруді қаласа жеке зертханаларға барып, талдау жасата алады. Kazinform агенттігінің тілшісі өңірлердегі талдау қызметінің құнын салыстырды. 

Қазақстанда қан мен зәр талдауының бағасы қанша
Коллаж: Kazinform/ Canva

Қазіргі кезде кең таралған әрі қолжетімді талдау түрі – қан және зәр талдауы. Бұл кепілдендірілген медициналық көмекке кіреді. Егер мемлекеттік емханаға барып, дәрігерге қаралып, кезек күткіңіз келмесе, ақылы қызметке жүрігінуге болады. Қызметтің бұл түрі мемлекеттік және жекеменшік емханада қатар жүргізіледі.

Еліміздің барлық өңірінде «Invivo» және «Олимп» зертханаларының бірнеше филиалы жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік және жеке емханаларда қызмет бағасында айырмашылық болса, Қазақстан бойынша бұл зертханаларда бір ғана баға қойылған.

Зертхана сайтынан талдауға қажетті сынаманы тапсыруға дайындалу талабымен танысуға болады. Сонымен бірге қан талдауына қажетті әзірлік жайын алдын ала біліп алған жөн. Егер өзіңіз емханаға бара алмасаңыз, онда мобильді қызметі үйге немесе кеңсеге келіп, қызмет көрсетеді. Егер тапсырыс құны 15 мың теңгеге жетпесе бұл қызмет үшін қосымда 2 000 теңге төлейсіз. Ал егер 15 мың теңгеден жоғары болса, 1 000 теңге алады. Сонымен бірге талдаудағы көрсеткіштер туралы анық-қанық білгіңіз келсе онлайн кеңеске 5 000 теңге, дәрігердің онлайн кеңесіне тағы 6 000 теңге қосымша ақы сұрайды.

Сонымен қан талдауы+зәр талдауы зертханаларда 2 760 теңгеден басталып, 3 850 теңгеге дейін жетеді. Егер қан талдауы жан-жақты жүргізгенін (эритроциттер, гемоглобин, лейкоцциттер, тромбоциттер, эритроциттер түзілетін орын, ретикулоциттер) қаласаңыз құны 3 400 теңге, жалпы қан талдауы (оған эритроциттер түзілетін орын кірмейді) – 1 880 теңге, С-рекактивті ақуыз деңгейін анықтауға арналған жалпы қан талдауы - 2 360 теңге. Жалпы зәр талдауы қызметінің құны – 1 580-1 650 теңге аралығында. Айтып өтейік, биоматериал жинауға қосымша 1 360 теңге, арнайы ыдысына 200 теңге алады.

Зертханалар бірнеше check-up ұсынады. Олар: «Зәр биохимиясы» — 6 900 теңге, «Биохимия. Негізгі» — 14 000 теңге және «Биохимия. Кеңейтілген» — 23 000 теңге.

Сонымен бірге тұрғылықты жердегі емханаларда да қан мен зәр талдауын ақылы тапсыруға болады. Бұл жердегі баға әр қалада әртүрлі. Мәселен № 7 Алматы қалалық емханасында жалпы қан талдауына 3 000 төлесе, жалпы зәр таудауына 1 500 теңге қажет. Ал қан алу қызметінің құны – 500 теңге.

Астана қаласындағы № 8 емханада жалпы қан талдауы (қан жасушасын цифрлық талдау) мен жалпы зәр талдауы қызметінің құны – 1 200 теңге. Егер қан құрамы туралы толық білгіңіз келсе, бағасы 2 300 теңге. Ал Астана қаласындағы № 9 емханада жалпы зәр талдауы 1 200 теңге болса, жалпы қан талдауы қызметінің құны – 1 800 теңге.

Қазақстанда қан мен зәр талдауының бағасы қанша
Фото: Kazinform

ҚР Президентінің іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасында жалпы қан талдауын, жан-жақты қан талдауын (лейкоциттерді анықтау) 2 200 теңгеге жасатуға болады. Ал жалпы қан талдауының (лейкоциттерге талдау жасамаса) өзі 1 200 теңге болып тұр. Зәр талдауы – 1 400 теңге. Мұнда азаматтарды үш санатқа бөледі. 
Біріншісі – Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, сонымен бірге елімізге тұрақты қоныстанған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
Екіншісі – Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрмайтын ТМД елдері, жақын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар.
Үшіншісі – Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын алыс шетел азаматтары.
Ақмола көпсалалы облыстық ауруханасында жалпы қан талдауының құны – 1 830 теңге, жан-жақты қан талдауы – 2 200 теңге, зәр талдауы – 1 360 теңге.

Тараз қаласындағы № 5 емханада жалпы қан талдауы – 1 376 теңге, жалпы зәр талдауы – 741 теңге. Ал тамырдан қан алу баға – 452 теңге, саусақтан қан алу қызметі – 215 теңге. Үйден қан талдауын алып кетсе, бағасы — 1 721 теңге. Тараз қалалық көпсаланы ауруханасында автоанализатор көмегімен жасалатын жалпы қан талдауы – 2 170 теңге, жалпы қан талдауы (6 параметр кіреді)— 1 800 теңге, жалпы қан талдауы (үш параметрді қолмен талдаса)— 1820 теңге. Жалпы зәр талдауы – 1470 теңге.

Қарағандыдағы № 2 қалалық емханасында жалпы қан талдауы (үш параметр) 1 681 теңге, жалпы қан талдауы (6 параметр) — 1 784 теңге, жалпы қан талдауы (анализатор арқылы 6 параметр) — 1266 тенге, жалпы зәр талдауы – 691теңге.

Петропавл қалалық № 1 емханасында анализатор арқылы жалпы зәр талдауын жасау құны – 600 теңге, анализатор арқылы 5 классты қан талдауын жүргізу бағасы — 1 700 теңге, анализатор арқылы 5 классты жасушаға қан талдауын жүргізу бағасы— 1905 тенге.

Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында анализатор арқылы 5 классты қан талдауын жүргізу бағасы – 1 700 теңге, жалпы зәр талдауы – 800 теңге.

Қостанайдағы № 1 қалалық емханасында жалпы қан талдауы – 1 900 теңге, жалпы зәр талдауы – 900 теңге. Тамырдан қан алу – 500 теңге, саусақтан қан алу – 300 теңге, үйге барып, тамырдан қан алу – 1 200 теңге.

Еліміздің мемлекеттік ауруханасы мен жеке емханаларда жалпы қан талдауы 800- 2 595 теңгеге жасатуға болады. Соның ішінде Талдықорған, Өскемен, Ақтөбе, Семей, Павлодар мен Алматыда жалпы қан талдауын жасау қызметінің құны 800 теңгеден басталады.

Ал Астана, Қарағанды, Орал мен Қостанайда жалпы қан талдауы қызметінің құны орташа. Бұл қалаларда баға мың теңгеден сәл асады. Ал Тараз тұрғындары орта есеппен 1 400-2 2 60 теңге, Жезқазғанда 1 500 теңге және одан жоғары, Петропавлда 1 700-2 595 теңге төлейді. Қызылорда мен Шымкентте – 1 800 теңге және одан жоғары, Көкшетауда 1 830 теңгеден жоғары, Түркістанда 2 260 теңге.

Жалқы зәр талдауының бағасы төмен. Қазақстандықтар бұл қызметке 600 – 2 500 теңге төлейді. Ең арзаны Петропавл, Семей, Павлодар, Талдықорған, Қарағанды, Ақтөбе мен Алматы, Өскемен қалаларында тіркелді. Мұндағы баға – 600-700 теңге.

Ал Тараз, Астана, Қостанайда баға – 740 – 900 теңге аралығында. Жезқазған, Шымкент пен Оралда баға 1 000 теңге және одан жоғары. Көкшетауда 1 360 теңге, Қызылордада 1 580 теңге, Түркістанда 1 940 теңге.

Бұған дейін Қазақстандағы клининг қызметінің бағасы туралы жазылды. 

Соңғы жаңалықтар