Қазақстанда қанша 5G базалық станциясы орнатылған

Қазақстанда қанша 5G базалық станциясы орнатылған
Фото: pexels.com

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елімізде орнатылған 5G базалық станцияларының санын жариялады, деп хабарлайды Kazinform. 

«Белгіленген лицензиялық міндеттемелерге сәйкес, байланыс операторлары 2023 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 391 шамасында 5G базалық станциясын орнату жоспарланған. Қазір байланыс операторлары 5G-дің 677 базалық станциясын орнатқан. Мәселен, Астанада – 116 станция, Алматыда – 326, Шымкентте станция орнатылды», – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, Астана, Алматы, Түркістан және Шымкент қалаларының аудандарында 5G желісінің қамту аумағын «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС (Tele 2 және Altel брендтерімен) және Kcell байланыс операторларының сайттарындағы тиісті картадан көруге болады.

Айта кетейік, биыл елімізде 5G жаңа ұялы байланыс желісін енгізу басталды. Жоба аясында 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75 пайызында, облыс орталықтарының 60 пайызында 5G технологиясы қосылады.

Соңғы жаңалықтар