Қазақстанда қанша ілбіс бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ілбіс немесе қар барысы - Қызыл Кітапқа кіргізілген көп жануардың бірі ғана емес, ол - тәуелсіз Қазақстанның ұлттық символы. Адамның көзіне көп түсе бермейтін бұл аң негізінен таулы жерлерде тұрады.

снежный барс
Коллаж: Kazinform/Pexels

Саны мен мекендейтін ортасы

Ілбіс жойылып кету қаупі төнген жыртқыш ретінде халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне, сондай-ақ жалпы ауданы 500 мың шаршы шақырым болатын Қазақстан, Бутан, Ресей, Қырғызстан, Непал, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан сияқты 12 елдің Ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілген. Соңғы жылдары Қазақстанда жануарлар дүниесін қорғауда оң динамика байқалады. Бұл сирек кездесетін жануардың жойылып кету мәселесін шешу үшін БҰҰ Даму Бағдарламасы Ұлттық серіктестермен бірлесіп, Қазақстандағы ілбіс пен оның мекендейтін жерлерін сақтау бойынша жұмыстар қолға алынды. Бұл жоба 2018 жылдан бастап БҰҰ ДБ мен жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) ынтымақтастығы аясында іске асырылып жатыр.

Жобаның маңызды нәтижелерінің бірі - елдегі қар барыстарының саны туралы жыл сайынғы есеп беру жүйесін құру болды. 1990 жылдың басынан бері оның санын екі есеге артты. Қазір Қазақстанда олардың саны 152-189 айналасында. Бұл - 2019 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Бұл деректер еліміздің таулы аймақтарында, соның ішінде Алтай, Жетісу, Алатау таулары мен Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен камера арқылы расталады.

– 1980 жылдардың басында Қазақстандағы қар барыстарының санын алғаш рет есептеу жүргізілген кезде олардың саны 180-200 болды. Алайда, 1990 жылдары әлеуметтік-экономикалық қиындықтар мен браконьерліктің таралуы жағдайында бұл сирек кездесетін жыртқыштың саны 100 басқа дейін азайып кетті. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ұлттық парктер мен қорықтардың құрылуының арқасында ғана жағдай тұрақтала бастады. Бұл шаралар барыстар үшін қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасауға мүмкіндік берді, бұл олардың санының біртіндеп өсуіне ықпал етті. Бүгінгі таңда елдегі барыстардың саны 189 жетті, – дейді ҚР ҒЖБМ зоология институтының өкілі, қар барысын бақылау орталығының жетекшісі, «Snow Leopard Foundation» ҚМФ атқарушы директоры Алексей Грачев.

барыс
Фото: ПРООН

Ол ілбіс Қазақстанның барлық негізгі тау экожүйесінде, соның ішінде Оңтүстік, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда мекендейтінін атап өтті. Олардың таралу аймағы Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары және Жетісу өңірі сияқты облыстарды қамтиды.

– Іле Алатауы, Алтын-Емел, Көлсай көлдері, Катонқарағай, Сайрам-Өгем және Жоңғар Алатауы ұлттық саябағы сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға барыстар белсенді түрде қоныстана бастады. Бұл табиғи қорықтар барыстардың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жыртқыш саны бірте-бірте 1980 жылдары тіркелген тарихи максимумға жақындап келеді, – деді.

Зоологтің айтуынша, барыстың ең көп популяциясы Жетісу өңірінде мекендейді. Бұл халықтың жоғары тығыздығына, азық-түлік қорының молдығына, қолайлы экологиялық жағдайға және қорғаныстың болуына байланысты. Бұл жыртқыштар Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында аз кездеседі. Алайда, осыған қарамастан, бұл ұлттық саябақта орнатылған камераға бірнеше рет түсіп қалған

– Катонқарағай ұлттық табиғи саябағында бұрын барыстар әлдеқайда көп болған, бірақ уақыт өте олардың саны азайып кеткен. 2017 жылдан бері осы өңірде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бастапқыда біз аяқ іздерін таптық, бірақ олардың нақты барысқа тиесілі екенін растай алмадық, өйткені бұл аймақта табан ізі ұқсас басқа жануарлар бар. Дегенмен, 2020-2021 жылдары камералар барыстарды түсірген кезде біз олардың бар екеніне 100% сенімді болдық. Бұл популяцияның қалпына келе жатқанын және көбею процесінің жалғасып жатқанын растайды, – деп бөлісті зоолог.

Жойылып кету қаупі

БҰҰДБ мамандары қар барысы санының азаюының негізгі қауіп-қатері тұрақсыз ауыл шаруашылығымен байланысты екенін атап өтті.

– Бізге ерекше қорғалатын аумақтарды бақылау керек. Ең бастысы адамның қатысуын барынша азайту және барлық ықтимал қауіптерді жою қажет: браконьерлік, мал жаю, туризмді дұрыс дамытпау. Қазір жұртшылық Алматының айналасындағы Медеу, Шымбұлақ секілді көрікті жерлерге жиі бара бастағанын көріп отырмыз. Бұрын бұл жерлер барыстардың мекені болған, бірақ қазір оларды өте сирек кездестіруге болады. Оның орнына аумақтарды қаңғыбас иттер басып алды. Дегенмен, қар барыстары әлі күнге дейін көрші шатқалдардың айналасын - Алматы қорығы мен Іле Алатауы ұлттық паркінің аумақтарын мекендейді. Алматы қаласының аумағын қазіргі уақытта 5-ке жуық қар барысы мекендейді, бұл - адамдардың болуына үйренген, бірақ саны шектеулі бірегей популяция, - деп атап өтті Алексей Грачев.

Барыстың азығы басқа жабайы жануарлардың популяциясының санына да маңызды рөл атқарады. Негізі азығы - сібір тау ешкісі. Сондай-ақ тұяқты жануарлар (елік, қоян, жабайық қабан және тағы басқалары) қорегіне жатады. Дегенмен, тамақ іздеуге шыққан кезде барыстар сілеусін, жолбарыс және қасқыр сияқты басқа жыртқыштармен кездесіп, ресурстар үшін төбелесіп, тіпті соңы өлімге әкелуі де мүмкін.

– Мұндай жағдайды тауда зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүргенде кездестірдік. Камералардың көмегімен біз екі кішкентай аланын ерткен барысты түсіріп алдық. Біз қасқырлардың олардың ізіне түскенін байқадық. Қасқырлар барыстың қас жауы деген қорытындыға келдік. Бұл азық тапшы кезде, қыста болды, – деді А. Грачев.

Ол жаңа туған барыстардың өлім-жітімінің айтарлықтай жоғары екенін айтты. Қазақстанда жыл сайын 30-50 барыс дүниеге келеді, бірақ популяциясы жылына 2-3 дара ғана көбейеді.

– Ұлттық парктер сияқты ерекше қорғалатын аймақтарда қар барыстары белсенді түрде қоныстанған. Әрбір ілбістің, әсіресе еркектерінің қорғайтын жеке аймағы бар. Жастары, әдетте, бұл аумақтарды тастап кетуге мәжбүр. Жаңа қорғалатын аумақтар құрылмаса, олардың барар жері қалмайды. Бұл жағдайда барыстар көрші елдерге – Қытай мен Ресейге қоныс аударуы немесе ұлттық парктер мен қорықтардың шекарасынан шығып кетуі мүмкін, бұл жергілікті мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге қауіп төндіреді. Барыстар қорек іздеп, малға шабуы мүмкін немесе аштықтан қырылып қалады, – деп атап өтті спикер.

Қандай шаралар қабылданып жатыр

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстар мекендейтін 10 қорық, 15 ұлттық парк, 7 қорық және 3 аймақтық парк бар.

Елдегі барыс популяциясының шамамен 70%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда кездеседі. Осы бірегей түрдің жойылу қаупіне жауап ретінде мемлекет маңызды шаралар қабылдады. Атап айтқанда, ғалымдар мен инспекторлардың жалақысы көтеріліп, ормандарды өрттен және браконьерліктен қорғау жұмыстары күшейтіліп, фото тұзақ құрылғылары сатып алынды. Сондай-ақ Қазақстандағы ілбістің жағдайын жүйелі түрде бағалайтын мониторинг орталығы белсенді жұмыс істейді.

2021 жылдың қараша айында Қазақстанда алғаш рет барыстың спутниктік телеметриясы өткізілді. Спутниктік телеметрия – әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылатын қауіпсіз және тиімді әдіс. Ол ғалымдарға жануарлардың орналасуы, ықтимал қауіптері, жем-шөп базасы туралы ең сенімді деректерді алуға мүмкіндік береді. Алғаш рет «Алтын Емел» ұлттық паркінде халықаралық және отандық мамандардың қатысуымен навигациялық жабдықтармен белгі салынды. 2021-2023 жылдар аралығында Солтүстік және Орталық Тянь-Шань тауларында барлығы 11 барысқа спутниктік телеметрия жүргізілді.

Алынған мәліметтер ғалымдарға барыстардың Қазақстанның ішінде де, шекара арқылы да көрші мемлекеттерге қозғалу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта оның Қытай мен Қырғызстанға қарай миграция карталарында тіркелген сенімді бағыты бар. Жыртқыштың жылыстау жолдары туралы ақпарат ЕҚТА-ны жетілдіру және жыртқыш аңды қорғаудың одан әрі шаралары үшін маңызды практикалық мәнге ие.

Жамбыл облысында қар барысының болуы сирек кездесетін аңды қорғауды қамтамасыз ететін «Мерке» өңірлік табиғи паркін құруға негіз болды. Жалпы алғанда, БҰҰДБ ауданы 1,6 млн гектардан асатын алты жаңа ЕҚТА құру және қолданыстағы үш алаңды 214.000 гектардан астам аймаққа кеңейту бойынша жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді аяқтады.

— Қазақстан – ілбіс санын қалпына келтіруге болатынын бүкіл әлемге дәлелдеген бірден-бір мемлекет. Көптеген елде бұл жыртқыштардың популяциясы азайып келеді немесе тұрақты төмен деңгейде қалады. Сондықтан бұл біз үшін үлкен жетістік. Бұл нәтижелерді халықаралық табиғатты қорғау қауымдастығы жоғары бағалады. Қазақстанда қар барыстарын сақтай отырып, біз осы бірегей түрдің ғаламдық популяциясын қолдаймыз, — деді зоолог.

2024 жылы БҰҰДБ бастамасымен Қазақстан мен Қырғызстанның табиғи аумақтары арасында қар барысын сақтау мәселелері бойынша қол қойылды. Меморандум жыртқышты және оның солтүстік Тянь-Шань тауларында мекендейтін жерлерін зерттеу, сақтау үшін бірлескен іс-қимылдарды төрт ЕҚТА арқылы үйлестіруге мүмкіндік береді: «Көлсай көлдері» ұлттық паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Қазақстан Республикасының Іле Алатауы ұлттық паркі және Қырғыз Республикасының «Чон Кемин» мемлекеттік табиғи паркі аумақтары шегінде.

Осыған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елдегі қар барысының саны туралы айтқан болатын

Сондай-ақ Қазақстанның табиғи ұлттық парктерінде 400-ге жуық фототұзақ орнатылғаны туралы жазған едік

Биыл күзде Іле-Балқаш резерватында арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелінді

Соңғы жаңалықтар