Катонқарағайда қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.

қар барысы
Фото: видеодан алынған кадр

«Сирек кездесетін жыртқышты Аршаты орманшылығында орнатылған фототұзаққа түсіріп алған. Бұл жануар түрі күш пен еркіндіктің символы — парктің нағыз мақтанышы. Әрбір осындай кадр Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің жануарларды қорғаудағы маңыздылығын еске салады», - делінген министрлік хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда қар барысының саны тұрақты түрде өсіп келеді. Бүгінде елімізде шамамен 190 ілбіс бар. Экология және табиғи ресурстар министрлігі, сонымен қоса қар барысын қорғаумен айналысып жүрген мамандардың қолдауымен еліміздегі 15 ерекше қорғауға алынған аумақта барлық жағдай жасалды. Қазіргі таңда ұлттық табиғи парктер мен қорықтар аталған жануарлар үшін қауіпсіз. 

Соңғы жаңалықтар