Қазақстанда қаржылық қызметтердің серверлеріне DDoS-шабуылдар жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 2017 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстанның кейбір қаржылық сервистерінің серверлеріне DDoS-шабуылдар жасалғандығы, сондай-ақ олардың 28 қыркүйек күні қайталану қатері туралы ақпарат түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда қаржылық қызметтердің серверлеріне DDoS-шабуылдар жасалды

«Ұлттық банк өкілетті органдармен бірлесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мәліметтерді тексеру қадамдарын іске асырып, бірқатар техникалық дайындық шаралары атқарылды. Барлық мүдделі субъектілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде қатерді ауыздықтауға, алдын алу шараларын қабылдау үшін қажетті деректерге қол жеткізуге мүмкін болды. Оқиға барысында барлық алынған ақпарат өкілетті органға тексеру мен тергеу амалдары үшін тапсырылды»,-делінген Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінде.

DoS-шабуыл және DDoS-шабуыл - ол компьютерлік желілерге қарсы қаскүнемдер іс-әрекетінің өзге түрлерінің бірі. Осының салдарынан жүйені пайдаланушылар ресурс ұсынатын қызметтерге қол жеткізе алмайды.