Қазақстанда кейбір тауарларды сатып алуда ұлттық режимнен шығару ұсынылды
АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
– Қазақстан аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, машина жасау, химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсібі өнімдерін мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу көзделеді, – делінген құжатта.
Құжат ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында әзірленген.
Қоғамдық талқылау 25 наурызға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 100 млн АҚШ долларынан асты.
Бір айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 400 млн доллардан асты.
Сонымен қатар Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 11,2%-ға ұлғайған еді.
Үкімет өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын талқылады.