Қазақстанда кейінгі бес жылда аса ауыр қылмыстар едәуір азайды

ТАРАЗ. KAZINFORM - Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы жұртшылығымен кездесуі барысында заң мен тәртіп мәселесін қозғады.

Президент: Халық реформаның игілігін көріп, өзгерістің әсерін нақты сезініп отыр
Фото: Ақорда

Президент сөзінде Қазақстанның қауіпсіз ел ретінде қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

- Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатыр. Екі күн бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы әңгімелестім, ол да заң мен тәртіп саясатын жүзеге асыруда, қылмысқа, тәртіпсіздікке жол бермейміз деді. Осындай саясаттың нәтижесінде соңғы бес жылда елімізде аса ауыр қылмыстар едәуір азайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары бойынша көрсеткіштер де төмендеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүр. Президент онда бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көрді

Соңғы жаңалықтар