Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда коронавирустан 21 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустан Қазақстанда 21 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан 21 адам қайтыс болды

Ведомствоның мәліметінше, 24 642 адам короновирус инфекциясынан (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 327 пациент стационарда жатыр, 16 315 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 353 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, 30 наурызда коронавирустан 21 адам қайтыс болған. Оның 17-сінде коронавирус расталса, 4-уі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониядан көз жұмған.