Қазақстанда көшіп-қону қызметінің құны қанша
АСТАНА. KAZINFORM – Көшіп-қону үлкен шаруа және қазақстандықтар біраз шығындалады. Жүк тасымалы қызметіне ондаған мың теңге төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Дайындық қалай жүреді?
Жүк таситын кезде бірнеше факторды есте ұстаған жөн. Жүк көлеміне қарай көлік түруін таңдауға тура келеді. Мәселен жүкті жабық көлікте тасыған дұрыс. Оның көлемі әртүрлі болады. Мұндайда жиһаз көлемі мен саны, қала ішіндегі қашықтық ескеріледі.
Кейде ірі көлемді қоқыс шығаратын жүк көлігі қажет болады. Әрине ол қызметтің бағасы өзге. Жүк тасымалдаушы қоқыс полигоны тарифін қоса есептеп береді.
Сонымен бірге егер жүк көтеретін адам болмаса, оған қосымша ақы алады. Ол үшін алдын ала ескертіп, қосымша қызмет көрсететін адамды ерте келуді сұрайсыз. Жүк көтереп, таситын адамдар көбіне 4 000 теңге алады. Жиһаз, тоңазытқышты бір адамның көтере алмайтыны анық. Кем дегенде екі адамның көмегі керек болады.
Ескере кетерлік жайт, жүк көлігінің қызметі сағатына қарай есептеледі. Сондықтар жиһаз, кереует, тұрмыстық техника мен аса ауыр заттарды алдымен есік алдына шығарып, дайындап алған абзал. Егер дайындық болмаса, көлік иесі әр сағатын санап, соған сай ақысын алады. Шығынды еселемес үшін бәрін алдын ала жоспарлаған абзал.
Қорытындылай келе тасымалдау қызметіне жүк көлемі мен барар жердің арақашықтығы әсер ететінін естен шығармаған жөн. Оған жүк көтеретін адамдардың қызмет ақысын қосу керек.
Жүк тасымалдау құны
Рейтинг кезінде бір сағат ішінде жүк тасымалдау ақысы есептелді. Ең арзаны Ақтау қаласында болып шықты. Мұнда тасымал құны 1 500 теңгеден басталады. Одан кейінгі орында Шымкент қаласы тұр. Мұнда 2 000 теңге және одан жоғары. Шымкент қаласы ірі мегаполис екенін ескерген жөн.
Қарағанды, Тараз, Өскемен мен Ақтөбе қалаларында 2 500 теңгеден басталады. Есте сақтаңыз, қызмет ақысы төмен болса көп жүк тиеп алатын көлік күтудің қажеті жоқ. Бұл ГАЗель көлігінің қызмет құны.
Астана мен Талдықорғанда жүк тасымалының құны одан сәл жоғары. Мұнда жүргізушілер сағатына 2 800 теңге алады.
Еліміздегі көп өңірде тасымалдау қызметінің құны – 3 000 теңге. Қостанай, Орал, Павлодар, Семей, Атырау, Көкшетау, Түркістан, Екібастұз және Алматыда баға осындай.
Ал Жезқазған қаласында ең арзаны 3 500 теңгеден басталады. Соған қарамастан Қазақстанның кез келген қаласында әр жүргізушімен жеке келісіп, ортақ мәліме жасауға болады.
Еліміз бойынша Қызылорда мен Петропавл қаласында баға 4 000 теңгеден басталады. Айта кетейік, бір сағаттық тасымалдау құны көп қалада тіпті 10 000 теңгеге дейін жетеді. Такси қызметінің ішінен жүк тасымалына тапсырыс беруге болады. Сонымен бірге тегін сайт арқылы хабарлама қарап, шақыруға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгеріп жатқаны туралы жазылды.
Бір отбасының шетелдегі демалысқа қанша шығындайтынын білдік.