Қазақстанда ҚР Парламенті Сенатына сайлауға үміткерлерді ұсыну аяқталды

«31 тамызда үміткерлерді ұсыну тоқтатылды. 2014 жылдың 2-31 тамызы аралығында ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа 88 үміткер ұсынылды», - деп атап өтті ол брифинг барысында.
В.Жексембекованың айтуынша, 2008 жылғы Сенат сайлауына да - 88, ал 2011 жылғы сайлауға - 92 үміткер ұсынылған.
ОСК мәліметтері бойынша, биылғы сайлауда ең көп үміткер Алматы қаласынан тіркелді (9 адам). Ал Ақтөбе мен Алматы облыстарынан - 7 үміткерден. Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Астана қаласынан 6 үміткерден ұсынылды. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 5-тен, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан 4-тен үміткерлер ұсынылды.
«Бір үміткер өз өтініші бойынша тіркеуге дейін үміткерліктен шықты, ал тағы біреуі тіркеуден кейін үміткерліктен бас тартты. Сонымен қатар тағы бір үміткер Конституция және ҚР сайлау заңнамаларына толық сәйкес келмеуіне байланысты шығарылды», - деді В.Жексембекова.
Сенат сайлауына ұсыну кезінде мәслихаттар 15 үміткерді ұсынса, 73 азамат өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған.