Қазақстанда құрастырылған алғашқы автомобильдер Ресей нарығына түсті

Chevrolet Captiva кроссоверлерінің алғашқы партиясы Chevrolet маркасын Ресей нарығына ресми ұсынатын «General Motors ТМД» ЖШҚ мен «АЗИЯ АВТО» АҚ әріптестігі ауқымында ресейлік тұтынушыларға жөнелтілді.
Алайда автомобильдерді ресейлік нарыққа шығару үшін қажетті әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жылдан астам уақыт алды. Бұл жолдағы маңызды кезеңдердің бірі «АЗИЯ АВТО» АҚ-ны кәдеге жарату алымын төлеуден босататын (Ресейде шетелдік автоөндірушілерден алынады) кәсіпорындар қатарына енгізу болды. Бүгінде қазақстандық екі кәсіпорын ғана ресей нарығына өз өнімін еркін жеткізу мәртебесіне ие болды.
Бұл Қазақстанда құрастырылған жеңіл автомобильдерді Кеден одағы қатысушы-елінің нарығына шығарудың алғашқы тәжірибесі.
«АЗИЯ АВТО» АҚ бірінші вице-президенті Ерік Сағымбаевтың айтуынша, «ресей нарығына шығу - біздің ұзақмерзімді стратегиямыздың маңызды бөлігі. Бүгінде «АЗИЯ АВТО» шығаратын автомобильдердегі қазақстандық үлес басты модельдерде 31 пайызға жетіп отыр. Бірақ та 2015 жылы біз толық циклдағы автоөндірістің алғашқы кезегін іске қосамыз. Бұл жылына 60 мың автомобильді дәнекерлеу, сырлау және одан әрі автокомпоненттерді шығаруға жалғасады. Екінші кезектің іске қосылуымен бұл көлем жылына 120 мың автомобильге жетеді, сөйтіп алғашқы 7 жылда 6 млрд. АҚШ доллары сомасына 500 мыңға тарта автомобиль шығарылмақ.
Бұл көлемнің жартысынан астамы Ресейдің сібірлік және қиыршығыстық аймақтарына жөнелтіледі. Қазақстандық автомобиль өндірісі үшін бұл Ресеймен және Беларусьпен бірыңғай кедендік кеңістік құрылуының арқасында мүмкін болды.