Қазақстанда құрылыс саласына да IT-технология енгізілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі құрылыс нысанындағы үрдістерді басқару үшін бірыңғай цифрлық алаңға айналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда құрылыс саласына да IT-технология енгізілмек

Аталған жүйе ақпараттық модельдеу технологияларын қолдана отырып, құрылыс объектілерін онлайн-форматта модельдеуге мүмкіндік береді.

«Осылайша, мемлекеттік банк платформасында тапсырыс берушілер құрылыс жобасының басқа қатысушыларымен өзара байланыс орнатып, құрылысқа дайындық үшін қажет сатылардан онлайн режимде өте алады», - деп жазды ведомство.

Айта кетерлігі, ақпараттық модельдер банкін «Е-Құрылыс» және «Е-Шаңырақ» платформаларымен интеграциялау жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, «Е-Құрылыс» жүйесі құрылыс процестерін барлық кезеңдерде онлайн-режимде бақылауға мүмкіндік береді. Ал, «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын қамтамасыз етіп, құрылыс саласында мониторинг пен талдау жасайтын субъектілердің бірыңғай жүйесі болып табылады.

Көзделіп отырған жаңа IT-шешім құрылыс жұмыстарын жобалау барысында электрондық құжат айналымына көшуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесінде барынша ашықтықты қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік банк сараптамалық қызмет үшін интеграциялық сервистер мен жүйенің жаңа модульдерін әзірлеудің белсенді кезеңінде. Жобаға қатысушылар салалық бизнес-процестерді, сонымен бірге техникалық талаптарды дайындау үшін деректердің құрылымын талдау жұмыстарына жұмылдырылған.


Фото: taff-haus.de