Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен өндірілген мұнайдың жалпы көлемі 20 миллион тоннаға жетті - Ө.Шөкеев
Ө.Шөкеевтің айтуынша, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығында энергетика саласындағы қарым-қатынастар маңызды орын алады. «2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен өндірілген мұнайдың жалпы көлемі 20 миллион тоннаға жетті. Сонымен бірге энергия ресурстарын тасымалдау үшін құбыр желілерін тарту және оларды пайдалану жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры бірінші кезегінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, деп атап көрсетті вице-премьер өз сөзінде.
Мұнай-химия өнеркәсібінде де бірлескен жобалар қолға алынуда. «2009 жылдың қазан айында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен қытайлық «Sinopec Engineering» компаниясының арасында химия өнеркәсібі бойынша кешен құрылысының келісімшартына қол қойылды», - деп хабарлады Ө.Шөкеев.