Қазақстанда мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беретін жаңа бағдарлама іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға арналған жеңілдетілген несиелеудің жаңа «Жайлау» бағдарламасы іске қосылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бағдарлама 300 басқа дейінгі ірі қара мал немесе 1 000 басқа дейінгі ұсақ мал өсіруге арналған жаңа мал шаруашылығы кәсіпорындарын құруды қолдауға бағытталған.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды, ал қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін белгіленген.
Қаржыландыру көлемі:
-
ірі қара мал өсіру жобалары үшін — 350 млн теңгеге дейін;
-
ұсақ мал өсіру жобалары үшін — 200 млн теңгеге дейін.
Бағдарламаға қатысты толық ақпаратты жергілікті Аграрлық несие корпорациясынан немесе Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін Премьер-министр асыл тұқымды мал басын сатып алу жұмысын жеделдетуді тапсырған еді.