Қазақстанда мамандандырылмаған дүкендерде мемлекеттік рәміздерді сатуға тыйым салу қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мамандандырылмаған сауда орындарында мемлекеттік рәміздерді сатуға тыйым салу қажет. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: идеологиялық аспектілер және қолдану ережелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Қапаев мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, Мемлекеттік рәміздер туралы ҚР Конституциялық заңына өзгерістер енгізіп, осы орайда онда мемлекеттік рәміздерді мамандандырылған дүкендерде ғана сатуға шығару немесе оларды даярлау бойынша лицензияланған ұйымдар арқылы өткізу мәселесі қамтылуы керек.

«Мемлекеттік рәміздер базарларда, түрлі сөрелерде және басқа да орындарда сатылып тұрғанын жиі байқаймыз. Осы мәселені реттеу үшін, саудалау тұрғысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңға өзгерістер туралы бастамамен шығып отырмыз»,-деді С. Қапаев.

Осы орайда ол 2015 жылғы Әкімшілік кодекстің жаңа редакциясында рәміздерді сату бөлігіндегі жауапкершілік ескерілмегенін атап өтті.

«Біз осы мәселелерді толықтырып, ұсыныспен шыққымыз келеді»,-деп түйіндеді департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар