Қазақстанда машина жасау өнімдеріне сұраныс толық импорт есебінен қанағаттандырылып отыр

СТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда машина жасау өнімдеріне сұраныс толық импорт есебінен қанағаттандырылып отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Австрия бизнес форумы барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамет Әбдібеков мәлім етті,
None
None

деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қазақстан машина жасау өнімдерін арттыру арқылы ішкі нарығының сұранысын жоғары деңгейде қамтуға, сондай-ақ осы бағыттағы экспортының көлемін кеңейтуге мүдделі. Машина жасау саласы нарығының қамтымдылығы 2008 жылы 16 млрд. доллардан асты. Бұның ішінде негізгі үлесті машина жасау өнімдерінің импорты құрап отыр, бұл көрсеткіш шамамен 15 млрд. долардан астам. Бұл дегеніңіз ішкі өндіріс пен экспорт көлемінен 6 есеге дейін асып отыр. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштің өзі барлық қазақстандық тауар импортының жалпы құрылымының 41 пайызына жуық болып табылады», деді Вице-министр.

Оның айтуынша, 9,7 млрд. долларға жуық импорттың айтарлықтай бөлігі машина жасаудың төрт саласына тиесілі екен. Бұлар : көліктік, электротехникалық, мұнайгаз және ауыл шаруашылығы салалары болып табылады.

«Яғни, Қазақстан аумағында машина жасау өнімдерін шығаруды ұйымдастыруға ниетті кәсіпкерлерге үлкен әлеует бар деген сөз», деді Н. Әбдібеков.

Соңғы жаңалықтар