Қазақстанда медициналық пойыз 150-ден астам станса халқын тексеруден өткізеді

«Әрбір шалғайдағы стансалардағы медициналық пойыздардың жұмысы - бұл сонау 2010 жылы бастау алған ауқымды әлеуметтік жобаның шағын бөлігі ғана. Ағымдағы жылдың 23 наурызы күні Астана стансасынан бір мезетте «Менің Қазақстаным» имидждік пойызы мен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шықты. Сонымен қатар осы акция аясында еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Денсаулық» пен «Жәрдем» пойыздары да өз жұмыстарын бастады. Олардың барлығы да заманауи жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталып, білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз етілген. Медициналық пойыздардың арқасында шалғайдағы стансалар мен разъездердің 10 мыңнан астам адамы диагностикалық тексеруден өтіп, біздің акцонерлік қоғмның біліктілігі жоғары мамандардан тегін кеңес пен ем алады. Ағымдағы жылы медициналық пойыздар өз жұмыстарын тек қараша ғана аяқтайды», - деді С.Данбаев.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытқа дейін медициналық пойыздардың мамандары Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстарының 6 стансасында тұратын шамамен 2 мың тұрғынды тексеруден өткізген. 6 мыңнан астам диагностикалық тексеру жүргізіліп, 69 шағын амблуаторлық ота жасалған. Сонымен қатар 1393 науқас тіркелсе, оның 227-сі балалар.
«Республиканың барлық халқына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру сынды мұндай ауқымды акцияның мақсаты Елбасы Жолдауының негізгі ережелерімен, жалпыхалықтық «Мәңгілік ел» идеясымен, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен үндесіп жатыр. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясымен бірлесіп, медициналық пойыздарды жолға шығару бүгінде игі дәстүрге айналған. Шалғайдағы стансалар мен разъездердің тұрғындарынан келіп түсіп жатқан мыңдаған алғыс хаттар жүргізіліп отырған акцияның әлеуметке арналғандығын дәлелдей түседі», - деді ол.