Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің мерзімнен тыс жұмыс уақыты тәулігіне екі сағаттан аспауы керек
«Әр қызметші үшін мерзімнен тыс жұмыс уақыты тәулігіне екі сағаттан аспауы керек, ал мерзімнен тыс жұмыстың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан, жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс», - деді ҚР еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі агенттік жолдаған сауалға.
Ведомство қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, қызметкер еңбек тәртібін, қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тартатын құқық бұзушылықтарды сақтауға міндетті екенін айтты. Өз кезегінде жұмыс беруші еңбек заңнамалары талаптарын, келісімдерді, ұжымдық және еңбек келісімшарттарын сақтауға және қызметкерді еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер үшін екі күндік демалысымен бес күндік жұмыс аптасы белгіленген.
Еңбек заңнамаларын бұзған тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мәселен, егер жұмыс беруші өзінің қызметшілеріне қатысты еңбек құқықтарын бұзса, ол қызметкерлер немесе олардың сенімді өкілдері еңбек инспекциясы басқармасының көмегіне жүгіне алады.
Еңбек инспекциясы берілген арыз негізінде ұйымға тексеру жүргізеді, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚР заңнамасымен қарастырылған шаралар қолданылатын болады.
Ведомство мәліметінше, мемлекеттік еңбек инспекторлары 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша 7743 кәсіпорынға тексеріс жүргізген. Тексеріс барысында 11 019 құқық бұзушылық анықталды, олардың қатарында 7400 - еңбек қатынастарына байланысты, 212 - жұмыс уақытын заңсыз нормадан асыру (2016 жылдың осы кезеңінде - 194, былтыр жыл бойы - 284 дерек тіркелген). Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша, 360,2 млн теңге көлемінде 2326 әкімшілік айыппұл төлеу тағайындалды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87-бабы 3-бөлімінде көзделген мерзімнен тыс жұмыс еңбекақысын төлеу бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының талаптары бұзылған жағдайда, сондай-ақ, мерекелік немесе демалыс күндеріндегі жұмыс және түнгі уақыттағы жұмыс еңбекақысын төлеу бойынша 30-дан 120-ға дейін АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлеу түрінде жауапкершілікке тарту қарастырылған. Аталған құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда, 60-тан 150-ге дейін АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылады.
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап 1 АЕК көлемі 2269 теңгені құрайды.