Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жалғасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аясында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Pm.kz.
None
None

Еске салайық, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсетудің айқындығын қамтамасыз ету, қажетсіз әкімшілік кедергілерді азайту, талап етілетін құжаттар тізімін қысқарту мақсатында «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде құрылған. Мемлекеттік корпорация төрт кәсіпорынды біріктіреді: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық және жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчинов Кәрім Мәсімовке операциялық залдардың жұмысы туралы баяндап, тіркеу, көлік құралдарын есепке алу және жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету процесімен таныстырды.

Мамандандырылған ХҚО конференц-залында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелеріне қатысты жиын өтті. Мемлекеттік қызметтің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуына баса назар аударылды.

Кәрім Мәсімов жиынды қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен айқындығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Себебі аталған қызметтердің сапасына қарай халық Үкімет жұмысының тиімділігін бағалайды.

Осы мақсатта К. Мәсімов корпорацияны дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Қыркүйекте осы тақырыпта жеке кеңес өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар