Қазақстанда міндетті таңбалауға қатысты бұйрықтың күші жойылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу мерзімін айқындайтын бұйрықтың күшін жою туралы жоба әзірлеп, оны қоғамдық талқылауға ұсынды.

таңбалау
Фото: ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті

Жоба Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №343-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін және оны қолданысқа енгізу күнін айқындау туралы» бұйрығына қатысты. 

Құжатта жаңа бұйрықты әзірлеуге «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы негіз болғаны көрсетілген. Министрлік бастамасы нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталған.

Жобаны қоғамдық талқылау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.

Осыған дейін Қазақстанда сыраны таңбалау жүйесі қалай іске асатыны туралы жаздық.