Қазақстанда мүгедектік бойынша төлемдер ұлғайтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сәуірден бастап мүгедектік бойынша жәрдемақы ұлғайтылды. Мұндай шаралар Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

Қазақстанда мүгедектік бойынша төлемдер ұлғайтылды

әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Атап айтқанда, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге - респуб­ликалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ең төмен күнкөріс деңгейі) 1,42 мөлшерінде;

екінші топтағы мүгедектерге - 1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 0,78 ең төмен күнкөріс дең­гейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

2015 жылғы 1 шілдеден бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,39 ең төмен күнкөріс дең­гейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 0,98 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;

бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:

2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге - 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге - 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

2015 жылғы 1 шілдеден бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге - 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге - 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.

Осы Заңның 11-бабының 4) тармақ­шасында көрсетілген мүгедектерге мүгедек­тігі бойынша айлық жәрдемақылар:

2014 жылғы 1 сәуірден бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге - 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге - 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

2015 жылғы 1 шілдеден бастап:

бірінші топтағы мүгедектерге - 2,74 ең төмен күнкөріс деңгейі;

екінші топтағы мүгедектерге - 1,95 ең төмен күнкөріс деңгейі;

үшінші топтағы мүгедектерге - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайын­далады.

«Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді. Егер Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдем­ақы төлеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша ай­лық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі», - делінген құжатта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулер мен толықтырулар атап айтқанда, бала асырап алуға байланысты 75 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем енгізуді және мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылғанда, ядролық сынақтардан зардап шеккендерге жәрдемақыларды 2014 жылғы 1 сәуірден - 12 пайыз және 2015 жылғы 1 шілдеден - 25 пайыз ұлғайтуды көздейді.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланды.