Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арба шығаратын зауыт салу қажет - Г.Ықсанова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арба шығаратын зауыт салынуы керек. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Ықсанова осындай мәселе көтерді.
None
None

Еске салайық, палатаның вице-спикері Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен Үкімет сағатында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғау мәселелері талқыланған болатын.

«Қазіргі таңда Қазақстанда бұған дейін Алматыдағы протез зауытында неміс технологиясы бойынша жасалып келгеніндей түрлі модификациядағы мүгедектер арбасын шығаруға нақты қажеттілік туындап отыр. Көптеген мүмкіндігі шектеулі адамдар 20 жыл бойы осы «алматылық» арбаны қолданып келе жатыр. Ал соңғы үш жылда жергілікті бюджетте 17 мың дана мүгедектерге арналған кресло-арбаны сатып алуға 1 млрд. 118 млн. теңге жұмсалған. Ендеше нарық бар деген сөз», - дейді депутат Г. Ықсанова.

Осы ретте депутат Қазақстанда оңалту құралдарын жасауға арналған зауыт құрылысы бойынша инвестициялық жоба жасау керектігіне назар аударды. «Ондай зауытта құралдардан бастап, арбаны жеке тұтынушыға дейін жеткізіп беру, пайдалануға оқыту, техникалық қадағалаудың барлығына міндеттеме жасалса игі. Тіпті, ондай жүйе бойынша мүгедектер арбасының прокатын ұйымдастыру керек», - деді Г. Ықсанова.

Сөз арасында депутат мүгедектерді арбамен қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік сатып алуларға да тоқтала келе, онда орын алған мәселелерді де баса айтты.

«Мемлекеттік сатып алу үдерісі бәрімізге белгілі: кім арзан баға ұсынады, сол жеңіп шығады. Ендеше сапасы да соған сай болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум