Қазақстанда мұнай өнімдері нарығында үстем үлеске ие компаниялар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2025 жылға арналған жұмыс жоспары аясында 2022–2024 жылдар аралығындағы бензин, дизель отыны және авиаотын көтерме сауда нарығындағы бәсекелестік жағдайды талдауды аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Талдау нәтижесінде еліміздегі жеңіл мұнай өнімдері нарығында 100-ге жуық компания жұмыс істейтіні анықталды.
Олардың ішінде ең ірілері:
-
ҚазМұнайГаз тобы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, Атырау мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ), «ПетроКазахстанОйлПродакшн»;
-
CNPC (Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы) тобы – «КННК Интернационал в Казахстане» ЖШС, «PETROSUN» ЖШС, «KC Energy group» ЖШС.
2022–2024 жылдар аралығында бұл екі ірі топ Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында шамамен 9,5 миллион тонна жеңіл мұнай өнімін өндірген. Бұл – ішкі нарықтағы жалпы тұтынудың 96%-ын құрайды.
Үлестері қандай?
Агенттік жүргізген талдау бойынша, ҚазМұнайГаз бен CNPC топтарының нарықтағы жиынтық үлесі 85%-дан асады. Бұл оларға бөлшек нарықтағы бағалар мен жеткізу процестеріне ықпал етуге мүмкіндік береді.
Негізгі қуат иелері ретінде танылған үлестер:
Дизель отыны нарығында:
-
Қысқы дизель отыны:
-
CNPC тобы – 60%,
-
ҚазМұнайГаз тобы – 33%
-
-
Жазғы және маусымаралық дизель:
-
CNPC – 46%,
-
ҚазМұнайГаз – 33%
-
АИ-92 және АИ-95 бензинінде:
-
CNPC тобы – 54%,
-
ҚазМұнайГаз тобы – 34%
Авиаотын нарығында:
-
CNPC тобы – 53%,
-
ҚазМұнайГаз тобы – 32,4%
Қуатқа тең қолжетімділік
Кодекс талаптарына сәйкес, осындай негізгі қуат иелері нарықтағы басқа ойыншыларға да тең қолжетімділік беруге міндетті. Бұл процесс арнайы бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі электр энергиясын көтерме сату және теңгерімдеу нарығындағы жағдайды талдап, бірқатар жүйелі мәселелерді анықтаған еді.