Қазақстанда неке саны бойынша Алматы көш бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда жұбайлар шаңырақ көтеру үшін көбіне жаз айларын таңдайды. Жыл басынан бері неке қию бойынша маусым көш бастаса, шілде екінші, сәуір үшінші орында тұр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Жыл басынан бері Қазақстанда мыңдаған неке тіркелді. Жас жұбайлар үшін жылдың әр кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар екені байқалады.
Стат бюро «Қызықты статистика» айдарында қазақстандықтардың жылдың қай мезгілінде шаңырақ көтеруге көбірек бейім екенін және қай ай неке қию бойынша көш бастағанын көрсетті.
Неке саны бойынша алғашқы үштікте Алматы қаласы, Астана қаласы және Түркістан облысы көш бастап тұр.
Мәселен, маусым айында 15 192 неке тіркелсе, шілдеде 11 674 шаңырақ көтерген, ал сәуірде еліміз бойынша 8001 неке куәлігі отау көтерген жұптарға беріліпті.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың 26 маусымында (26.06.2026) Алматыда неке қиюға 800 астам жұп өтініш берген болатын. Дәл осы датада неке қиюға ниет білдірген алматылықтар тағы көш бастаған болатын.