Қазақстанда осы айда 750 мың доза QazVac жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда отандық вакцинаны өндіруге екі өндірістік алаң дайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өткен айда QazVac 650 мың доза көлемінде, ал осы айда 750 мың дозаны жеткізу жоспарланған. Екі өндіріс алаң даярланды. Жамбыл облысында биофармацевтикалық зауытының толық дайындығы қамтамасыз етілді, «Антиген» кәсіпорны базасында QazVac вакциналарының толық циклімен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының екінші өндірістік алаңы іске қосылды», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкіметте биылдың төртінші тоқсанында Pfizer вакцинасын жеткізу ескерілгенін айтты.



Соңғы жаңалықтар