15:53, 27 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Қазақстанға Pfizer вакцинасы қашан жеткізілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шетелдік вакциналарды сатып алуға қатысты түсінік берді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцинаға қолжетімдік қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылдың төртінші тоқсанында Pfizer-ді жеткізу ескерілген. Мұнымен қоса, өзінің тиімділігі бойынша шетелдік екпелерден кем емес отандық вакцинаға қолдау жасайтын боламыз», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкіметте мектептер құрылысына қатысты түсінік берілді.