Қазақстанда Отбасы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.
Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.
Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық #Otbasym2026 челленджі өтеді.
Бұған дейін Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталғанын жазған едік.