Қазақстанда ресми дерек бойынша азаматтығы жоқ 8 мыңға жуық адам бар

АЛМАТЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан БҰҰ-ның Жоғарғы комиссариатының Босқындар ісі жөніндегі басқармасының азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу туралы ұсынысын қарауда. Оны БҰҰ-ның Жоғарғы комиссариатының Босқындар ісі жөніндегі басқармасының аймақтық өкілі және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Сабер Азам Алматыда БАҚ өкілдерімен болған кездесуде айтты.
None
None

"Әдетте босқындар туралы көп естігенімізбен, азаматтығы жоқ адамдар туралы мағлұматымыз өте аз. Өйткені біз оларды білмейміз. Олардың құжаты да, азаматттығы да жоқ, құжаты болған күнде де ол жарамсыз. Қазір әлемде шамамен азаматтығы жоқ 12 миллиондай адам бар деп есептеледі. Бұл нақты дерек емес. Біз оларды білу мақсатында барлық елге азаматтығы жоқ адамдарды тіркеуді ұсындық", - дейді С. Азам. Оның айтуынша, Орталық Азия елдерінің арасынан ең бірінші боп бұл ұсынысқа Түрікмен Үкіметі оң жауабын берді. Мемлекет азаматтығы жоқ адамдардың бәрін тіркеуге келуге шақырды. Соның нәтижесінде, осы елде бұрыннан тұрып келе жатқан 18-ден жоғарғы жастағы 13 мың тіркелді. Бұл шара екі кезеңге созылып, біріншіде - 5 мың, екіншісінде 8 мың құжатсыз адам тіркеуден өтті. Бұл азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу бағдарламасы қазан айында аяқталып, қазіргі таңда оның 3700-і азаматтық алды. Әдетте өтініш беруден азаматтық алуға дейінгі шаралар 1 жылға жуық уақытқа созылады. Сондықтан алдағы уақытта өзге азаматтар да азаматтық алып, құқықтарын өзгелермен теңестіру мәртебесіне ие болары күмәнсіз.

Соңғы жаңалықтар