Қазақстанда сапасыз мемлекеттік символдарды шығарғандарға қомақты көлемде айыппұл салынады

Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: идеологиялық аспектілер және қолдану ережелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Қапаев мәлім етті.
«Лицензияланған компаниямен даярланған кез келген мемлекеттік рәміз үш жылдық пайдаланудың кепілдік берілген мерзімімен шығарылуы керек»,-деді Қапаев.
Сонымен қатар ол мемлекеттік рәміздерді ілетін ұйымдар оның жағдайын бақылап отыруы керектігін және қажет болған жағдайда жұмыс күні барысында оны ауыстыруы тиіс екенін қадап айтты.
«Сапасыз өнімді шағарғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Онда 15-тен 400 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе лицензияның күшін тоқтату шаралары да қамтылған»,-деді департамент басшысы.