Қазақстанда сиыр тұқымын эмбрион деңгейінде асылдандыратын зертхана ашылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

сиыр
Фото: АШМ

— Мал басы мен сапасын арттыру үшін жасанды ұрықтандырудың заманауи технологиялары енгізіледі, — деді Аманғали Бердалин.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, осы мақсат аясында сиырды эмбрион деңгейінде ұрықтандырудың зертханасын құру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл тәсілде аналық бастың да, бұқаның да генетикалық қасиеттері сұрыпталады. Осының арқасында жаңа мал нәсілі тез қалыптасып, мал басы мен сапасы жылдам артады.

— Бұл технология жоғары өнімді мал басын алу процесін едәуір жеделдетуге және отандық малдың генетикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, — деді вице-министр.

Бұған дейін Қазақстан экспорттай алатын сиыр етінің лимиті бекітілгенін жазған едік. 

Сонымен қатар Торғай өңірінде жайлаудағы мал шаруашылығын дамытуға 6 пайыздық несие бөлінетіні белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар