Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда таңқурай мен қарақат бағасы қанша

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір еліміздің әр өңірінде жеміс-жидек пісіп, адамдар тосап дайындап жатыр. Соның ішінде таңқурай мен қарақатқа сұраныс артты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

жидек
Фото: Kazinform /ЖИ

Таңқурай бағасы Тараз қаласында қолжетімді. Базарда келісі 1 500 — 1 600 теңге болып тұр. Ал Қызылорда қаласында баға сәл жоғары. Келісі — 1 650 тенге. Орал, Талдықорған, Қарағанды мен Түркістанда баға 1 800 — 2 000 теңгеден басталады.

Алматы қаласында таңқурайдың келісі 2 200 теңгеге, Жезқазғанда 2 500 теңгеге, Өскеменде 2 800 теңгеге, алАстанада 2 500 — 3 000 теңге.

Еліміздің батысында таңқурай бағасы жоғары. Ақтөбеде келісі 3 500 теңге, Атырауда 3 500 — 4 000 теңге болып тұр.

Ал қарақат бағасы өңірлерде шамалас. Ең арзаны Қарағанды қаласында салытып жатыр. Келісі шамамен 1 400 теңгеден басталады. Алматы мен Ақтөбеде келісін 1 500 теңгеге де сатып алуға болады. Жезқазғанда келісі 1 600 теңге, Қызылордада шамамен 2 000 теңге.

Түркістан, Талдықорған және Көкшетауда қарақат келісінің бағасы 2 300 — 2 500 теңге. Шымкентте қызыл қарақаттың бағасы 3 000 теңге болса, қарасы 3 800 теңгеге жетті.

Ең жоғары баға Орал қаласында болып тұр. Мұнда сұрпына қарай қарақатты 2 000 — 5 000 теңгеге сатып алуға болады.

Еліміздегі кейбір өңірде жидек бағасы келісіне қарай емес, шелектің литріне байланысты есептеледі. Сондықтан бағаны салыстырған кезде орта есебі алынды. Баға өңірге ғана емес, жидектің сұрпына, шығымына, сауда орнына және жеткізу көлеміне қарай да өзгеріп отырды.

Қазақстанда таңқурай мен қарақат бағасы қанша
Фото: Kazinform

 

Бұған дейін Қазақстанда квасты, газдалған сусын мен суды қай қалада арзанға сатып алуға болатыны туралы жазылды