Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда театр қойылымдарын тамашалауды ең көп ұнататын қызылордалықтар екен

АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның әрбір бесінші тұрғыны театр, музей және концертке бірнеше жылда бір рет қана барады екен. Бұл DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы өткізген сауалнамада мәлім болып отыр.

Қазақстанда театр қойылымдарын тамашалауды ең көп ұнататын қызылордалықтар екен

Қазақстан тұрғындарының мәдени демалысты қалай өткізетіні туралы бұл сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысқан. Телефон арқылы жүргізілген бұл шарада сұрақтарға жауап берген 16 жастан жоғары жастағы тұрғындардың 69 пайызын әйелдер, 31 пайызын ер адамдар құрапты. Сауалнамаға қатысушылардың 29,2 пайызы театрға, 19,1 пайызы классикалық музыкаға арналған концерттерге, 10, 8 пайызы музейге, 5,9 пайызы сурет галереясына баруды ұнататын көрінеді. Ал 35,1 пайызы театр, музей, көрме және концертке мүлде бармайды. 32,6 пайызы жылына 1 және одан жиі барам десе, 15,4 пайызы айына 1 және одан да жиі барамыз деген. Олардың ішінде мәдени іс-шараларға ең жиі баратын халық Павлодарда тұрады екен. Олардың 31 пайызы театр, музей және галереяларға айына бір рет барады. Сондай-ақ мәдени демалыста театр қойылымдарын тамашалағанды қызылордалықтардың 38,7 пайызы, алматылықтардың 34,6 пайызы, оралдықтардың 31,6 пайызы қалайды екен.
Респонденттердің 3,3 пайызы мәдени іс-шаралар алдында берілетін ақпараттық жарнамалар көп болса, театр, музей, көрме және концерттерге жиі барар едім деп ойлайды. 10,3 пайызына мәдени орындарға барулары үшін ештеңе де әсер етпейді. Мәдени оқиғалар жайлы ақпаратты сауалнамаға қатысушылардың 38,4 пайызы теледидардан, 25,6 пайызы интернеттен, 22 пайызы көшедегі афишалар мен билбордтардан алатын айтқан. Онда тек алматылықтар үшін мәдени жаңалықтардың негізгі ақпарат көзі теледидар емес, интернет екен. Ал респонденттердің 8,9 пайызы мәдени жаңалықтарды газет-журналдардан оқыса, 2,3 пайызы жақындары мен әріптестерінен естиді, 2,2 пайызы радиодан тыңдайтын көрінеді.