Қазақстанда тұрақтылық экономикалық дамудың негізі болып отыр -«Интернэшнл геральд трибьюн» газетінің шығарушысы

trong>. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақстанның экономикалық даму қарқыны мені әрдайым қайран қалдырып келе жатыр». Бүгін Алматыда өтіп жатқан ІV Қазақстандық инвестициялық саммитте «Интернэшнл геральд трибьюн» газетінің шығарушысы Стивен Данбапр-Джонсон осылай айтты.
None
None

"Қазақстанда соңғы он жылдың ішінде кемінде 9-10 рет болдым. Әр жолы мен ел экономикасындағы ілгерілеушіліктерге қайран қалумен болдым. 1998 жылы алғаш келген кезде барлық батыстықтар сияқты бұрынғы посткеңестік республиканы көремін деп ойлағанмын. Келесі сапарымда Қазақстанға қатысты көзқарасым нығая түсті. Сондай-ақ әрбір сапарда үлкен өзгерістерді өз көзіммен көрдім», деді Стивен Данбапр-Джонсон. Оның айтуынша, Қазақстандағы тұрақтылық экономикалық дамудың негізі болып отыр. ЕҚЫҰ төрағалығында да үлкен ілгерілеушіліктерге қол жеткізуде. Қазақстанның бүкіл жетістіктері Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында жүзеге асты. Нұрсұлтан Назарбаевты шын мәнінде «ел экономикасының әкесі» деуге болады.

Соңғы жаңалықтар