Қазақстанда туристік нысандардың картасы кеңейтілді
АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде 102 туристік нысан болса, жаңа картада олардың саны 186-ға ұлғайды.

2025 жылғы 28 наурыздағы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен туристификация картасына өзгерістер енгізілді. Бұйрық 2025 жылғы 14 сәуірден бастап күшіне енеді.
Бұйрыққа сәйкес, республикалық деңгейдегі туристік аумақтарға бұрын 33 нысан кірсе, қазір олардың саны 44-ке жетті, олардың қатарында:
- Алматы облысындағы «Sokol» спорттық-техникалық кешені;
- Шығыс Қазақстан облысындағы Сібе көлдері;
- Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлі;
- Қызылорда облысындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы;
- Қызылорда облысындағы ежелгі Сығанақ қаласы;
- Қызылорда облысындағы «Geopark Aral»;
- Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» курорттық аймағы;
- Түркістан облысындағы «Сарыағаш» курорттық аймағы;
- Түркістан облысындағы «Ақмешіт» үңгірі;
- Түркістан облысындағы «Ақсу» шатқалы.
Сонымен қатар, өңірлік деңгейдегі туристік аумақтардың да тізімі айтарлықтай кеңейтілді. Осылайша өңірлік деңгейде 142 туристік нысан бар.
Туристік нысандардың толық тізімімен сілтемеге өтіп танысуға болады.